Алматыда джи-джитсудан әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен Қазақстан федерациясының президенті Төлеген Құмаровтың айтуынша, ауқымды турнирді ұйымдастыру үшін бұл спорт түрін елге таныту керек.

«Біздің федерация Қазақстанда 2013 жылы құрылған. Алғашқыда джиу-джитсумен айналысатынардың басым бөлігі АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттер болатын. 90-шы жылдары UFC-ді бақ сынаған спортшылардың арасында бразилиялық джиу-джитсу әйгілі болатын, оның үздіктері жүлделі орындардың жеңімпаздары мен чемпиондары атанған. Менің ойымша, UFC турнирлерінің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Ройс Грейси әлі де ел аузында. Ол мықты қарсыластарды физикалық күшсіз, техникамен, әдістермен ұтуға болатынын дәлелдеді. Осымен джиу-джитсу өзге спорт түрлерінен ерекшеленеді», – деп атап өтті Төлеген Құмаров.

Айта кетейік, тұңғыш рет 23-24 қыркүйекте Финляндия мемлекетінде өтетін ADCC әлем чемпионатында отандастарымыз бақ сынайды. Жарыста ел намысын Османжан Қасымов (77 кг) және Мұхаммад Сүлейманов (99+ кг) ел намысын қорғайтын болады.

Дереккөз24.kz