Дисней кейіпкерлері ХХІ ғасырда өмір сүрсе қандай болар еді?

Британдық суретші Том Уорд Дисней кейіпкерлеріне заманауи тіл бітірді. ХХІ ғасырдың маңызды әлеуметтік мәселелерін суретші мультфильм кейіпкерлері арқылы бейнелеген.

©startface.net

Әдетте ертегідегі су перісі балық тәрізді құйрығымен жүзетін еді. Ал қазіргі таңда экологиялық мәселелердің күрделенуіне байланысты ол мутацияға ұшырады. Дисней мультфильміндегі су перісі қазіргі заманда өмір сүрсе екі аяқты адамдардан айырмашылығы болмайтын еді.

©startface.net

Пиноккио ұзын мұрынының арқасында феноменге айналды. Оны енді селфи таяғы ретінде қолданады. Алайда, алғашында Пиноккио селфидің сәнге айналатынын білмеген еді.

©startface.net

Ханзада Артурдың өмірдегі басты мақсатын орындауға уақыты жоқ. Себебі, оның смартфоннан қолы босамайды. ХХІ ғасырдағы адамдардың көпшілігі ұлы мұраттар жолында осындай кедергілерге беріліп қояды.

Том Уордтың суреті
©startface.net

Алисаға диетаға отыру керек. Ал оның көкөністермен тамақтанып, су ішкісі келмейді. Бұл жағдай Алисаның ғана емес, қазіргі қыздардың басты мәселесіне айналған.

©startface.net

Аладдиннің асыл жары Жасмин үй шаруасымен айналысып, оның достарына қызмет көрсетуі тиіс. Сиқырлы кілемді тазалау да Жасминнің міндетіне кіреді. Әйелдердің қоғамдағы рөлі шынымен осындай ма? Сонда Аладдиннің отбасындағы міндеті қандай?

©startface.net

Ханзада Чарминг Аврора ханшайымнан әлеуметтік желідегі жазбаларын жасырғысы келеді. Жас жұбайлардың арасында осыған байланысты түсініспеушілік жиі орын алып жатады.

Дисней, Том Уордтың суреті
©startface.net

«Ертеде бақылау камералары болмады. Ал қазір барлық жерде абайлап жүру керек. Тіпті, Питер Пэннің өзі бақылау камерасына түсіп қалыпты», -дейді суретші Том Уорд.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!