Басты бетҚоғамАтыраудағы балалар...

Атыраудағы балалар үйі жабылады — балаларды асырап алған

Бүгінде балаларды асырап немесе қамқорлығына алушылар қатары көбейген. Балалар үйінің директоры Сәния Мусиеваның айтуынша, биылғы жылы он тәрбиеленуші мектеп бітіріп кетсе, екеуін патронаттық тәрбиеге алған, тоғызы қамқорлыққа берілсе, алтауын туған аналары келіп алып кеткен. Қалған сегіз бала отбасылық типтегі «Шаңырақ» ауылына ауыстырылған.

«Бала асырап алушылар көп. Ол үшін кейбіреуіне медаль беруге де болады. Мысалы, Дендерден келген бір отбасы 2004 жылы төрт баланы бірден асырап алды. Олардың үлкені қазір балалы-шағалы, екі қызы да тұрмыс құрған. Ал, асырап алған кезде алты жаста болған кіші қыздары қазір жоғарғы оқу орнында оқиды. Бұл отбасы мұнымен тоқтамай, тағы екі баланы асырап алды. Олардың бірі қазір колледжде оқып жатыр, кішісі 3-сыныпқа барады»,-дейді Сәния Мусиева.

Қазіргі таңда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің онлайн-базасы құрылған. Соның көмегімен балаларды еліміздің әр өңіріндегі отбасылар асырап ала алады. Мысалы, атыраулық бір баланы Көкшетаудағы отбасы осылайша асырап алған.

Жақында Алматы облысындағы Алакөл ауданы, Жыланды ауылының әкімі Әнуарбек Жүнісбеков те осы балалар үйінен төрт қыз, екі ұл бала асырап алған.

Балалар үйі жабылған соң, оның ғимараты дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына беріледі.

ДереккөзAzh.kz