Зүлфия Ғабидуллина жүзуден әлем рекордын орнатты

Отандасымыз еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзуден көзге түсіп 3 минут 26 да 65 секунд нәтижесімен алға шықты. Сонымен қатар, 100 метр қашықтықта да үздік нәтиже көрсетіп, ал 50 метр қашықтыққа  шалқалап жүзуден екінші болып мәре сызығын кесті.

Паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина —  жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еліміздің ұлттық құрама командасының мүшесі. 12 мәрте әлем рекордшысы болған. Зулфия Ғабидуллинамен қоса Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Сиязбек Далиев, Кирилл Ильюкевич сынды жүзгіштеріміз де ел намысын қорғауда.

ДереккөзKtk.kz