Басты бетБастыДоллар ары...

Доллар ары кеткенде 420 теңгеге жетуі мүмкін

Бахмутова биыл қалыпты жағдайда мұнай баррелі 25 доллар болса, доллар бағамы 400 теңге шамасында болады деген. Қор экономикалық ахуал жақсарады деген күнде мұнай баррелі 35 доллар болып, доллардың айырбас бағамы 380 теңге болады деген болжам айтады.

Қазақстан ұлттық валютасы — теңге тамыз айында еркін айналымға жіберілген кезден бері өз бағамынан жүз пайыздан астамға құлдыраған. Қазақстан Ұлттық банкінің бүгінге белгілеген доллар бағамы 380 теңге 3 тиынды құрайды.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі биылғы жылдың бюджетін қайта қарауы мүмкін екенін хабарлаған. 2016 жылғы бюджет Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллар, доллар бағамы 300 теңге бағамына есептеліп бекіген.

ДереккөзАзаттық