Жазда жақсы ұйықтау үшін не істеу керек?

Ас мәзіріне көңіл бөліңіз

Жаз мезгілінде тым майлы және калориясы жоғары тағамдардан бас тартыңыз. Ауа температурасы жоғарылағанда ас қорыту процесі төмендейді. Күндіз ыстықта тамақтана алмай, күн салқындағанда шектен тыс тамақтану денсаулыққа зиян. Астың қорытылмауы асқазан ауруына және ұйқысыздыққа душар етеді. Калориясы жоғары, майлы тағамдардың қорытылуы салқын кезде денені қыздыратын қасиетке ие. Ал жаздың аптап ыстығында бізге мұның қажеті жоқ. Егер жазда жақсы ұйықтап, өзіңізді жеңіл сезінгіңіз келсе, ас мәзіріне  сүт өнімдері мен жеміс-жидектер, жаңғақ пен балықты енгізген дұрыс. Тұзды тағамдардан аулақ болыңыз. Бұл тағамдар жылдам шөлдетеді.

Бөлме температурасын реттеңіз

Терезе
Бөлме температурасын бірқалыпты сақтауға тырысыңыз. Жиі-жиі желдетіп, ауасын тазалап отырған жөн. Күн сәулесі тікелей түсетін терезелерді бекітіп, көлеңкелеп қойыңыз. Егер бөлмеде кондиционер болмаса, желдеткішпен де жақсы жағдай жасауға болады. Кешке ұйықтар алдында терезені бекітуді ұмытпаңыз. Себебі, жаздың күні ыстық, түні салқын болып, ауырып қалуыңыз мүмкін.

Ауаны ылғандандырып отырыңыз

Кондиционер

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын сақтау үшін ауа ылғалдындырғыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Хош иісті ылғалдандырғыштарға қарағанда антибактериалды түрлерінің пайдасы көбірек екенін ескерген жөн. Бұдан бөлек, күніне бір рет еден мен терезелерді салқын сумен жуып алған дұрыс. Қапырық ыстық күндері салқын және жайлы бөлмеде демалған жақсы.

Кешкі серуен

Кешкі серуен

Таңертеңгілік уақыт пен кешкі салқын жаздың күні серуендеу үшін таптырмайтын уақыт. Сондықтан күніне бір сағат таза ауада, табиғат аясында серуендеу ұйқыңыздың жақсы болуына, күні бойы сергек жүруге себепші бола алады.

Салқын душ қабылдау

Душ

Ұйықтар алдында салқын душ қабылдап алыңыз. Алайда, судың өте салқын болып кетпеуін қадағалаңыз. Суық суға шомылу — керісінше, ұйқыңызды қашырып жіберуі мүмкін.

Кеш жатудан қорықпаңыз

Ұйқы

Жазда адамның ұйқысы басқа мезгілдерге қарағанда жылдам қанады. Сондықтан, кеш жатудан қорықпаңыз. Ауа температурасы төмендегенін күтіп, кеш жатсаңыз да ұйқыңыз қанып, сергек боп тұрасыз.

Түнде теледидар қарамаңыз

теледидар

Қазір теледидардағы кешкі бағдарламалар көңіл көтеретін шоулардан тұрады. Қорқынышты, атыс-шабысқа толы фильмдер де түнгі уақытқа қойылған. Ұйықтар алдында мұндай жанрдағы фильмдер мен бағдарламаларды көрген зиян. Оның орнына әдемі музыка тыңдаған дұрыс.