Kcell жаңа mobipress қызметін ұсынады

Мobipress — бұл смартфон, планшет немесе интернет желісі болған кезде лаптоп арқылы жазылу бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық басылымдардан танымал журналдарды оқуға арналған заманауи сервис. Қосымшада 12 айдар қамтылған: «Бұл өте қызықты», «Ең жақсы оқылатын, «Hi-Tech», «Авто», «Бизнес және Саясат», «Балалар», «Дизайн және өнер», «Сол үшін», «Ол үшін», «Үй және отбасы», «Спорт», «Өмір стилі». Онда жалпы 2200 шығарылымды құрайтын алдыңғы нөмірлердің мұрағаттарымен 71 басылым жинақталған.

Құрамына Қазақстанда шығарылған 9 журнал кіреді:: «Forbes Kazakhstan», «Cosmopolitan Kazakhstan», «SNC Kazakhstan», «Harper’s Bazaar Kazakhstan», «L’Officiel Kazakhstan», «Esquire Kazakhstan», «Men’s Health Kazakhstan», «Robb Report Kazakhstan», «Үй іші Kazakhstan». 

Мақалаларды mobipress-те оқу екі форматта қолжетімді — стандартты (тұтасымен журнал беттерінің цифрлы көшірмесі) және кез келген көлемдегі экраннан оқуға ыңғайлы болу үшін мобильді құрылғыға икемделген. Сонымен қатар, сервистің мобильді қосымшасы офлайн-оқуды қарастырған. Қосымшада интуитивтік түсінікті интерфайс бар. Тақырыптар бойынша мақалаларды іріктеу және бастапқы сөздер бойынша қолайлы іздеу бар. Оқу тарихын сақтауға және журнал ішінде белгі жасауға болады.

«Біздің айналамыз күннен күнге цифрлы болып келе жатыр. Олармен бірге өздерінің мобильді құрылғылары арқылы кез келген әртүрлі ойын-сауық контентіне ТВ-бағдарламадан және кинодан бастап кинолар мен журналдарға дейін рұқсатты кез келген уақытта алғысы келетін біздің клиенттердің дағдылары мен қажеттіліктері де өзгеруде. Осы жаһандық трендті біз Қазақстанда бұрыннан қадағалап келеміз. Біз біздің ОТТ-қызмет линейкасын кеңейтетін және біздің компания абоненттерге кез келген жерде сүйікті журналдарын оқуға қолайлы тағы бір жаңа сервис mobipress-ті ұсынуға қуаныштымыз. Одан басқа, танымал журналдардың 2200 шығарылымына 30 күнгі жазылу бір журнал құнындай тұрады. Цифрлы эволюция жалғасуда және біздің компания біздің абоненттердің өмірін аса қызықты және мазмұнды ету үшін нарыққа жаңа ойын-сауық қызметтерін шығаруды жалғастыруда, — деп атап өтті«Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Мobipress сервисінің барлық журналдарына тәулігіне 30 теңге мөлшерінде шексіз рұқсат беріледі. Ал алғашқы үш күнде сервисті тегін пайдалануға болады.

Мobipress сервисіне Сервистің www.mobipress.kz сайты арқылы кіруге болады, mobipress мобильді қосымшасы арқылы, 7007 қысқа нөмірінен келіп түскен код және өз Kcell/activ абоненттік нөмірін енгізіп, сервистің мобильді қосымшасын ашады және авторлайды немесе кейін www.mobipress.kz сайтына көшетін *770# командасының USSD теру арқылы кіруге болады.