Тұрғын үй аймақтарындағы қауіпсіздік деңгейін карта арқылы анықтауға болады

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасындағы соңғы мәліметтерге сүйенсек, соңғы уақытта Алматы облысында 13 097 сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген. Оның 11 337-сі қылмыс, 1 760-ы қылмыстық іс-әрекет деп танылған. Статистикаға сүйенсек, 2015-2016 жылдар мен биылғы жылды салыстырғанда тіркелген қылмыс деңгейі 18,6%-ға төмендеген. Талдықорған қаласында 2015-2016 жылдар мен 2017 жылдың қылмыс деңгейі 16,4%-ға дейін азайды. Түрлі заңға қайшы әрекеттерді енді «қылмыстық құқық бұзушылық картасы» арқылы білуге болады. Ол тұрып жатқан жердің қылмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Картада Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрсетілген 38 бапты бұзған заңбұзушылықтар көрсетіледі. Олар: ұрлық-қарлық, алаяқтық, бұзақылық, тонау, кісі өлімі, қасақана жарақаттау және тағы да басқалары.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» 2016 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет іске қосты. Картаның басты мақсаты — облыстағы барлық қылмыстарды уақытылы тіркеп отыру арқылы қай аумақта қылмыстың көп жасалатынын анықтау.