Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның кішкентай киножұлдыздары

Қазақстанның кішкентай киножұлдыздары

Еліміздің кино саласында қалыптасып келе жатқан әдемі бала бейнелер талантымен де таңғалдырып жүр. Назарларыңызға отандық киноөндірістің болашағына айналатын актер балалардың тізімін ұсынамыз.

Мағжан Орда

Мағжан Орда — театр және кино актері Бауыржан Орданың ұлы. Әкесінің жолын қуған Мағжан режиссер Нұртас Адамбайдың «Тараз» драмасына түскен. Актер Асанның (Асан Мәжит) інісінің рөлін сомдады. Адамбайдың өзі бұл баланың «керемет» ойнағанын растады.

Лина Сұлтанова

Лина Сұлтанова

«Kazakhstan Kids fashion show» жобасына қатысқан. Жас сәнбике жақында ғана Нұрлан Батыровтың «ПроЯвление» триллеріне түсті. Кино авторларының айтуынша, Линаның басқа үміткерлерден айырмашылығы, көңіл-күйін тез арада өзгерте алатындығында. Ол тез қуанып, тез ашулана алады, бірден көз жасына ерік береді. Нұрлан Батыров көрермендердің кішкентай қыздың ерекше ойыны мен оның жұмбақ келбетіне таң қалатынын айтқан. Линаның дарынын осы күзде фильм шыққан соң бағалайтын боламыз.

Елжас Әлпиев

Елжас Әлпиев

Кинодағы дебюті «Елбасы жолы. Балалық шағымның аспаны» киноэпопеясында президенттің балалық шағын сомдаудан басталды. Ол кезде Елжас 5 жаста еді. Бірақ, Елбасының рөлін керемет ойнап шыққанын көпшілік мойындайтын шығар. Өкінішке қарай, осы картинадан кейін Елжас киноэкраннан көріне қоймады.

Арай Әділ

Арай алғаш рет киноэкраннан он жасында төбе көрсетті. Ол «Тағдыр ойыны» («Игра судьбы») толықметражды фильмінің кастингіне қатысып, өтіп кетеді. Одан кейін жас актрисаны былтырғы жылдың желтоқсан айында тұсаукесері болған «Жанұя» отбасылық драмасының түсіріліміне шақырады. Бүгінде Арай уақытының көп бөлігін оқуға арнап жүр.

Диана Холловей

Диана Холловей

Диана кинодағы жолын «Baby Star of Kazakhstan» байқауына қатысудан бастады. Соның арқасында көптеген продюсерлердің назарына ілікті. Оның дебютті қадамы телеэкрандардан 2012 жылы көрсетілген «Қара шаңырақ» хикаясымен басталды. Қазір актриса 13 жаста, ол түскен фильмдердің арасында «Ұстаз», «Армандаушы», «Үй», «Тоқал» және т.б. картиналары бар. Диана да музыкалық бейнебаяндар мен жарнамалық роликтерге белсенді түрде қатысып жүр.