Аталған оқиға 24 қаңтар күні сағат 14.30 шамасында орын алған. Темірлан көшесінің бойында кетіп бара жатқан күдікті көп қабатты тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген бүлдіршінді көріп, ойы бұзылған. Жақын маңда ересектердің жоқтығын пайдаланған ол үш жасар қызды үй артындағы бақшаға апарып зорлаған.
Қазір сараптама жүргізіліп, бүлдіршінге медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша «Кәмелетке толмағандарды» зорлау фактісі бойынша айып тағылып отыр.