Қырғызстан мектептерінде де үш тілде оқыту жүйесі енгізіледі

Қырғызстан Республикасының президент Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, ең бірінші кезекте ана тілін сақтап қалу керек. Орыс тілі де қажет — халықтың көп бөлігі сол тілде сөйлейді.

«Алдағы күзден бастап мектептерде ағылшын тілін күн сайын оқытатын бағдарлама енгіземіз. Солайша, үш тілде оқытуды қолға аламыз. Алайда, ең бірінші кезекте мемлекеттік қырғыз тілін, сосын орыс және ағылшын тілдерін үйрету керек. Екі тілді білсең, үшінші тілді үйрену қиын емес. Мысалы, мен ағылшын тілін интернеттен-ақ үйреніп алғанмын», — деді Алмазбек Атамбаев.

Дереккөз Kabar.kg