Қанат
Қанат "QAZAQ" Ислам

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді атам қазақ. Негізі, өзіміз сыншыл халықпыз ғой. Сын айтқан адамдарға көп рақмет! Әрине, мықтыны жеңе алмасаң, мықты спортшы бола алмайсың. Бірақ мен әрбір қарсыласымды өзімнен төмен, өзімнен әлсіз деп бағаламаймын. Сосын тыңдайтын сын және тыңдамайтын сын бар ғой. Сенің кәсібіңе, я болмаса, бапкеріне қатысты сын айтылса, онымен келісуге, келіспеуге болады. Кез келген салада сын айтылады. Мен өзім сынды дұрыс қабылдаймын. Өйткені, әрбір жекпе-жектен кейін осал тұстарымды өзгертуге тырысамын», – дейді Қанат Ислам.

Боксшының айтуынша, әрбір қарсыласты кәсіби бокстың шыңына апаратын баспалдақ ретінде қарастыру қажет.

«Маған салса, ертең-ақ кез келген чемпионмен шығуға дайынмын. Бірақ оған қарсы шығу үшін олардың берген қарсыластарынан өту керек. Сол себепті алдағы уақытта мықты қарсыластар болады. Соған таяп қалдық. Қазіргі кезде мен WBO, WBA мен IBF бойынша әлемдік үштікте-төртікте тұрмын. Сондықтан чемпиондық атақ та алыс емес. Алла бұйырса, мықты қарсыластармен кездесемін. Әрине, ол үшін еңбекқорлық та, сабыр қажет», – деп атап көрсетті боксшы.

Айта кетейік, Қанат Ислам – WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері.

Қазақстандық боксшы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы – АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд.

Алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеп жатқан НВО арнасымен келісімшартқа отыруы әбден мүмкін.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!