Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1,6 миллион теңге тұрады

Кәсіпқой бокс кешіне кіруге арналған билеттердің ең арзаны 96 600 теңге (300 доллар), ал ең қымбаты 1 миллион 610 мың теңге тұрады. Сондай-ақ, 500, 700, 800, 1 500, 2 00, 2 500 долларлық билеттер де бар.

sports.kz сайтының жазуынша, билеттерді AXS.com сайтынан «GGG» промо-кодын енгізу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да  өтеді. Боксшылардың журналситерге өткізген пресс-конференциясында Геннадий Головкин бұл жолы да Big Drama Show жасауға әуде берді.

ДереккөзBnews.kz