Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2017 жылғы 20 маусым

№381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мелекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.  Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастаманы әуежай ұжымы көтерген болатын.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында Елбасының есімін маңызды нысандарда көрсету ұсынылған.

Декларацияда : «Ел Конституциясында Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей үлесін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың атауында және еліміздің басқа да маңызды нысандарында  көрсетуді ұсынамыз. Біздің тұтас мақсатымыз — Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз — тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап және ұрпақтарымызға аманаттап, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастерлеу», — делінген еді.

Мақалаға реакция

5 Пікір

  1. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Елбасымыз аман болсын осы дарежеге жетип елимиздин тыныштыгы барлыгы елбасынын аркасында
  2. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Жаксы жаксы
  3. С
    Сабыр 9 жыл бұрын
    Онда не болады? Бирдеме озгереме?
  4. М
    Мақсат 9 жыл бұрын
    Дұрыс. қолдаймын! Орта Азия елдерінде болмаған іс шараларды өткізіп, әлемге Қазақстан деген елді танытты. Еңбегі зор!
  5. A
    AMIRALI AYGERIM 9 жыл бұрын
    Ote duris dep oylaymin. El basimiz osi kunge jetkizdi emespa. Arine halik koldaydi dep oylaymin.