Жергілікті «Қостанай жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, Ахметжановпен бірге үш кәсіпкер сотталып жатыр.
Сотта Ахметжановтың орынбасары Мақсұт Қалиев пен бірнеше кәсіпкердің істері де қаралады.
Ахмедбек Ахметжанов 2015 жылы 11 қыркүйек күні «қызметін асыра пайдаланды» және «заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтірді» деген күдікпен қамауға алынған.
Тергеу материалдарында Ахметжановтың «автокөлік құралдарына арналған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының тендерін алуға жәрдемдескені» және балабақша құрылысында «жеке бір компанияның мүддесін заңсыз қорғағаны» айтылған.
Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. 2015 жылы 8 қыркүйек күні оның «өз еркімен» қызметтен кеткені туралы хабарланған.