Қостанайда экс-әкім Ахметжановтың соты басталды

Жергілікті «Қостанай жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, Ахметжановпен бірге үш кәсіпкер сотталып жатыр.

Сотта Ахметжановтың орынбасары Мақсұт Қалиев пен бірнеше кәсіпкердің істері де қаралады.

Ахмедбек Ахметжанов 2015 жылы 11 қыркүйек күні «қызметін асыра пайдаланды» және «заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтірді» деген күдікпен қамауға алынған.

Тергеу материалдарында Ахметжановтың «автокөлік құралдарына арналған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының тендерін алуға жәрдемдескені» және балабақша құрылысында «жеке бір компанияның мүддесін заңсыз қорғағаны» айтылған.

Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. 2015 жылы 8 қыркүйек күні оның «өз еркімен» қызметтен кеткені туралы хабарланған.

ДереккөзАзаттық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оралда репрессия құрбандары туралы тоғыз кітап жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Ертең кейбір өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады.