Алдағы уақытта прокуратура бизнесті мүлдем тексермейді

«Тексеру нәтижесіне сәйкес, бақылау-қадағалау қызметі қысқару үстінде. Жеті жылдың ішінде тексерулер 5 есеге азайды. Прокуратура туралы жаңа заңға сәйкес, бизнесті тексеруден мүлдем бас тартпақпыз. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жағдайлар болғанда ғана жүргізіледі», — деді Марат Ахметжанов.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, соңғы 18 жыл бойы тексерулерді прокуратура органдары  тіркеп келеді. Қазіргі уақытта тіркеу тәуекелдерді бағдарлауға арналған ІТ жүйеге көшіріп жатыр.

«Қамқор» деп аталатын мобильді қосымшаны іске қостық. Кәсіпкердің ұялы телефонына барлық мәліметтермен бірге тексеру туралы СМС хаттама келіп түседі. Барлығына қолжетімді тексеру картасы бар. Онда кімнің көп бұзушылыққа барғаны көрсетіліп тұрады», — деді Марат Ахметжанов.

ДереккөзInform.kz