Әрине, әркімнің өзінің сүйікті түстері бар: біреуде ол бір ғана болса, енді біреулерде бірнеше. Көбіне неліктен сол түсті таңдайтынымызды ойламаймыз да. Бірақ психологтар киімнің түстері адамның мінезінен де хабар береді дейді.
Түстердің үйлесуі төмендегі негізгі жұптардан құралады:
- қызғылт сары және көк
- қызыл мен жасыл
- күлгін және сары
Бұл үйлесімдер қашанда ерекше назарға түсіп, түстердің байлығынан хабар беріп қана қоймай, көзді қуантады.
Көк түс
Көк түс – билік пен беделдің белгісі. Көгілдір және көк– құмарлықтан асып түсетін ерекше түстер. Бұл түстерді өте көп адам жақсы көреді, дегенмен, оны кез-келген гардеробтан табу мүмкін емес. Бұл түсті қызғылт (лиловый) түспен біріктіру – ең ұтымды үйлесімнің бірі. Нәзік көгілдір түстен қара-көк түске дейінгі көк түстің барлық реңдері кез-келген жағдайды бақылауда ұстауға көмектеседі. Сондықтан, іскерлік имидж үшін бұл таптырмайтын түс. Киімде көгілдір түсті қара-көкпен, қызылмен, сарымен, ақпен және сұр түстермен жақсы үйлеседі, сонымен қатар алтын және зәйтүн түстерімен тамаша сай келеді. Ал аққызыл (розовый), жасыл және қоңыр түстермен көгілдір түс те, көк түс те еш сай келмейді.
Жасыл түс
Жасыл түс адамның жалпы жағдайына жақсы әсер етеді. Ол жастықтың, балғындықтың белгісі. Жасыл түс тұрақтылықты білдіргенмен, маңызды кездесуге жиналған жағдайда, киіміңізде бұл түстің болмағаны дұрыс. Жасыл түс қарақошқыл, күлгін түстермен жақсы үйлеседі.
Қызыл түс
Қуатқа толы қызыл түс көңілді көтергенімен, ол иесінің де, айналасындағылардың да еңсесін езіп тастайды. Сондықтан, қызыл түсті киімді күнде кимеген дұрыс. Қызыл түс басқа түстермен тамаша үйлеседі: жасыл, көк, сұр, күлгін, алтын сары және қара. Бірақ қызылды қоңырмен, қызғылт сарымен және қызыл сарымен араластырмаңыз.
Сары түс
Сары түспен өте абай болыңыз. Ашық сары түс бет түсін де сары, әдемі емес түске бояғандай көрсетеді. Сары жасылмен, қоңырмен және алтын сарымен жақсы үйлеседі. Аққызыл, күрең қызыл сары түспен жараспайды.
Қызғылт сары түс
Қызғылт сары (оранжевый) – байлық пен амандық түсі. Қуаныш пен рахат белгісі. Бірақ оны іскер имиджде қолданбаған дұрыс. Өте ашық көк бояу, жасыл, аспан көк, ақ, қызғылт (лиловый), күлгін және қоңыр түстермен үйлеседі.
Қоңыр түс
Іскерлік кездесуге қажет ең тамаша түс. Ол сұр, жасыл, зәйтүн түстерімен үйлессе, күрең-қызыл, аққызыл, қызыл түстерді жаратпайды. Сұр – классикалық әрі кербез түс, адамға күш беріп, қол жетпестей биікте көрінуге мүмкіндік береді. Көк, қара, көгілдір, жасыл, қызыл күрең, қызыл және сары түстермен жақсы үйлеседі. Тек ақ түспен біріктірмесеңіз болғаны.
Қара түс
Қара түс қызыл түспен тамаша үйлеседі. Сонымен қатар сарымен, қызғылт сарымен, күлгін, қызыл түстермен көрші тұрса да тамаша көрінеді.
Ақ түс
Ақ түс – тазалық белгісі. Ол тек қара түспен тамаша сай келеді. Ақ, қара, сұр түстерді негізгі түске қосымша ретінде қолдану керек.