«ҚазМұнайГаздың» вице-президенті болып Олег Карпушин тағайындалды

Жаңа басшы Олег Карпушин басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа тікелей бағына отырып, «ҚазМұнайГаздың» барлық компаниялар тобындағы барлау және өндіру бойынша жобаларға жауап беретін болады.

Сондай-ақ Олег Карпушиннің құзыретіне бірлескен кәсіпорындардағы, ҚМГ бақылаушы пакеттерге ие кәсіпорындардағы, сондай-ақ барлау және өндірудің жаңа салаларындағы жобалар кіреді.

Вице-президентке «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС есеп беретін болады.

Олег Крапушин мұнай саласындағы еңбек жолын Ресейдегі Шлюмберже компаниясында, АҚШ пен Қазақстанда (Атырау) бастады. Сондай-ақ Сахалин Энерджи (Шелл мен Газпромның Алыс Шығыстағы бірлескен компаниясы) компаниясында қызмет етті. 2015 жылы Гаагадағы Шелл компаниясының бас кеңсесінде стратегиялық жоспарлау бойынша кеңесші болып тағайындалды. Кейін осы жылы НОВАТЭК компаниясының басқарма төрағасының орынбасары-өндіріс жөніндегі директоры болды.

ДереккөзInform.kz