Мазмұнға өту
Басты бет / Мәдениет /

«ЭКСПО-2017» аясында өткен аламан бейгенің сыйақы қоры 63,6 млн теңге болды 

©Tengrinews.kz

Жарыс бағдарламасында көпшілік аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға аттар жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарыстары болды. Ұшқыр аттар жарысы бойынша (2400 және 1800м) сыйақы қоры – 63 млн 600 мың теңгені (200 мың доллар) құраса, ұлттық жарыс түрлерінің сыйақы мөлшері – 36 млн теңге (115 мың доллар). Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін бөлініп берілді.

Жарысқа барлығы – 150-дан астам еліміздің жүйріктері қатысқан. Сондай-ақ еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан өзге РФ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Болгария мен басқа да елдерден қатысушылар келген.

Шара ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Мақалаға реакция

4 Пікір

  1. Р
    Ринат 9 жыл бұрын
    Қазағымыздың бәйгесі өзге елдеде де дамыған спорт.
  2. А
    Абзал 9 жыл бұрын
    Біздің жігіттер керемет бәйге көрсетті. Құттықтаймын.
  3. О
    Олжас 9 жыл бұрын
    Благодаря ЭКСПО мы узнали, что лучший скакун у нас в Казахстане.
  4. Х
    Хасан 9 жыл бұрын
    осы бәйгеде біршма шетелдіктер жүрді, дамыған өркениетімізбен қоса ұлттық мәдениетімізді көрсеттік, бәрекелді!