Дубайда төлқұжаттың орнына смартфон қолдануға болады

Ол үшін телефонға арнайы Smart UAE Wallet қосымшасын жүктеп алу керек. Бұл бағдарламаға паспорт мәліметтері сақталып, билет ақпараттары да енгізіледі.

Дубай әуежайынан ұшар кезде жолаушылар смартфондарын арнайы турникеттерден өту арқылы өткізіп, саусақ таңбасын көрсетеді. Жаңа жүйе әр жолаушыны рәсімдеу уақытын 9-12 секундқа дейін азайтпақ. Бұл жаңа жүйені тек БАӘ азаматтары ғана қолдана алады.

Жобаны ел үкіметі Emirates әуе компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

ДереккөзNaryk.kz