Осы және өзге де компания жетістіктерімен таныстыруға келген «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының экономика жане каржы жөніндегі орынбасары Тусупбаева Салтанат Серікқызы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысына қатысып, баяндама жасады.
«Аккумулятор батареяларының барлық халықаралық стандарттарға сай етіп өндірілуі өнім сапасы мен өндірістік қуаттың артуына және шикізат пен материал шығынының төмендеуіне мүмкіндік берді. Сондықтан сапалы өнім бізге халықаралық келіссөздер жүргізуге жол ашады. Бұған дәлел 2017 жылдың 26-шы мамырда Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында отандық «BARS», «KAINAR», «Ұлы Дала», «Nomad» сынды аккумуляторларды таныстыру шарасында, «Rising Hope Commercial» компаниясымен 700 000 дана аккумуляторға келісім-шарт жасасуы. Сонымен қатар екі жақты келісіммен алдағы уақытта 3 млн дана аккумулятор батареяларын Қытай нарығына сату жоспары бар», — деді Салтанат Серікқызы.
Баспасөз отырысында «Қайнар – АКБ» зауытының мақсаттары мен өзекті мәселелері талқыланды. Мәселен, олар Қазақстандағы барлық қорғасынды аккумуляторлық батареяға айналдыру, 1,8 мың адамды жұмыспен қамту және бюджетке түсетін аударымдардың ұлғаюын қарастыруы жайлы айтты. Ал мәселеге келсек мемлекеттік қолдау қажеттілігі, жеңілдетілген несиелердің ұсынылуы және PR-компаниялардың көмегінің қажеттілігін алға тартты.