Құқық қорғау органдарының академиясында мемлекеттік тілді дамыту бойынша пікірталас алаңы іске асырылды

Осындай жұмыстардың жаңа бір түрі Академияда «Қазақ тілі -баршаға» атты пікірталас клубының құрылуы («Қазақ тілі – баршаға») болып табылады.

Клуб алаңында мемлекеттік басқару, саясат, білім және құқық қорғау қызметі саласындағы өзекті мәселелердің жүйелі түрде талқылануы жоспарлануда. Оның маңызды міндеттерінің бірі — құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қазақ тілінде әдеби сөйлеу және сөз шеберлігін қолдану тәжірибесін дамыту және жетілдіру болып табылады. Клубтың ерекшелігі сол — оған мемлекеттік тілді жаңа үйреніп жүрген қызметкерлердің де қатысу мүмкіндігі.

Клубтың тұсаукесері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылаудан басталды. Онда бағдарламалық мақаланың мазмұны мен оны іске асырудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар барлық қазақстандықтардың патриоттық және ұлттық руханияттың артуына жаңа серпілістің пайда болғанын атап өтті. Талқылау шеңберінде мемлекеттік тілдің кезең бойынша латын әліпбиіне өтуі, қазақ тілінде монографиялар мен әдебиеттерді әзірлеу мәселелері қамтылды.

Пікірталас клубының алғашқы отырысы сәтті өтуіне байланысты, оның келесі отырысы кеңейтілген құрамда Бас прокуратура алаңында — Дін істері мен азаматтық қоғам, қорғаныс, мәдениет және спорт министрліктері өкілдерінің, сондай-ақ, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғам қайраткерлері, педагогтар, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен жалғасын тапты. Клуб жұмысына бейнебайланыс арқылы прокуратура органдарының барлық аумақтық құрылымдары қатысты.

Пікірталас клубының бастамашысы және оны ұйымдастырушы Академия проректоры Роза Досымбекова «Маңызды мемлекетттік мәселелерді осындай алаңдарда талқылау мемлекеттік тілдің дамуымен қатар, барлық өзекті бағыттар бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті.