Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік бюджеттің...

Мемлекеттік бюджеттің 268 млрд теңгесі игерілмей қалған

Мәжілісте Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Нұрмұханбет Әбдібеков бюджеттің тиісті мақсатта жұмсалмағандығын мәлімдеді.

 «Біздің есебімізше, 2016 жылы мемлекеттік бюджеттің 268 млрд теңгесі тиімсіз игерілген. Оның ішінде үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалған қаржыны тиімді пайдалану мақсатында қолға алған жұмыстарына қарамастан 36 млрд теңге игерілмеген. Жалпы осы аталған олқылықтарды жою үшін жауапкершілікті күшейту керек», — деді Нұрмұханбет Әбдібеков.
ДереккөзBaq.kz