Айқын Төлепберген
  • Мен үйде қазақша сөйлесемін. Баламды да қазақша тәрбиелеймін. Қаланың балалары дәстүрлі әнді бәрібір тыңдамайды. Олардың бетін бері бұру керек. Яғни, біз олар тыңдайтын музыканы қазақ тілінде беруіміз керек.
  • Ресейге талпынбаймын, өйткені Қазақстанда ғана керек екенімді білемін. Шет елге шыққанның өзінде Ресейден гөрі Қытайға барсақ, жолымыз ашылар. Өйткені түр-келбетіміз жағынан да Ресей сахнасына жараспаймыз. Олар бізден тек үлкен ақша күтеді.
  • Біз қазір қазақстандық деңгейді көтеруді ойлауымыз керек. Соңғы кезде шоу-бизнесте оң өзгерістер бар, бізді Қырғызстан да таниды, басқа мемлекеттердегі қазақтар да тыңдайды, яғни, аудиториямызды кеңейтіп жатырмыз.
  • Болашақта халық әндерін заманауи стильде жаздырып, көпшілік қауымға тарту еткім келеді.
  • Әншілік мен үшін күнделікті жұмыс. Әрине, сахнаға алғаш шығып жүргенде, халықтың ыстық ықыласына мас болып, танымалдылықты көтеру қиынға соққанын жасырмаймын.
  • Жалпы, сахна әрбір өнер иесінен сұлулықты талап етеді. Сондықтан сырт келбетке мән беріп, үнемі формада жүруге тырысамын.
  • Отбасымызда ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді бойымызға терең сіңіріп өстік. Өзім тілге, дінге, ділге өте-мөте берікпін. Алайда, сапалы қазақ болу үшін ұлттық болмысқа сай, өзге жұрттың ілімі мен ғылымын, тілі мен мәдениетін меңгерген жөн. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдың талабына толық сай болу керексің…
  • Нағыз ер жігіт өз орнын табады және артына өшпес із қалдырады.
  • Баса айта кетер нәрсе, ешқашан ән ұрламаймын, автордың рұқсатымен ғана жарыққа шығарамын.
  • Мен әрқашан инженер немесе әртіс болуды армандағанмын.
  • Отаным туралы, Елордамыз Астана, сүйікті қалам Алматы туралы, спорт, әскери адамдар жайында әндерімді көбейткім келеді.
  • Бірде бір бейнебаяным өзіме ұнаған емес. Одан да күштірек түсіріп, күшті әндер айтқым келеді. Әйтеуір, талпынатын мақсаттарым бар.
  • Әндерім тыңдарманға жеткенін қалаймын. Сол арқылы олардың күлкісін көргім келеді, өзім секілді қуанышты жүздерін көргенге не жетсін.
  • Мен үшін бақыт – ол сенімділік, сондай-ақ, барлық қиындықты артта қалдырып, өзіңе көңілің толатындай ғұмыр кешу, соңында бақытты болу.
  • Адамдардағы бір сөзділікті ұнатамын. Алдамай, істеймін деп айтқан нәрсесін жүзеге асырса, міне нағыз сөзінде тұрушылық.
  • Әрқашан дәлме-дәл уақытында жүруге тырысамын, концерттеріне кешігіп келетін әртістерді түсінбеймін.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!