«Ислам мемлекеті» Лондонда теракт ұйымдастырды

Теракт бойынша 12 адам ұсталды. Олардың ішінде төрт әйел бар. Барлығы да Лондондағы Баркинг аймағынан ұсталған.

Аталған терактіні «Ислам мемлекеті» өз мойнына алды.

Бұл соңғы үш айда Лондонда ұйымдастырылған үшінші теракт.

22 наурыз күні Халид Масуд есімді адам парламент ғимаратының жанындағы жаяу жүргіншілерді көлікпен қағып, пышақпен шабуыл жасаған. Алты адам қаза тауып, 50 адам жараланаған еді.

22 мамыр күні «Манчестер-Аренада» жарылыс болып, 22 адам қаза тапты, 116 адам дереу түрде ауруханаға жеткізілді. Оны 22 жастағы Салман Абеди ұйымдастырған.

ДереккөзKapital.kz