«Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», — деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.
Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетова бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез- келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.