Президент әдебиет және өнер қайраткерлеріне стипендия тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы өкім шығарды.

Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы

Әдебиет қайраткерлері:

  1. Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
  2. Алдияр Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты
  3. Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  4. Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  5. Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
  6. Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
  7. Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
  8. Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс»  ордендерінің иегері
  9. Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
  10. Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
  11. Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат»  ордендерінің иегері
  12. Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
  13. Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері
  14. Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  15. Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
  16. Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  17. Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  18. Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  19. Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
  20. Өтеулиев Бауыржан – 1969 жылы туған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
  21. Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  22. Сарыбаев Бейбіт – 1983 жылы туған, жазушы
  23. Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  24. Сматаев Софы –1941 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  25. Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
  26. Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
  27. Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өнер қайраткерлері:

  1. Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші
  2. Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі
  3. Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  4. Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы
  5. Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  6. Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  7. Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған,  әнші, «Славянский базар-2021» халықаралық конкурсының жеңімпазы
  8. Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  9. Бекназар-Ханинга Лейло – 1960 жылы туған, актриса
  10. Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші
  11. Джалилов Самат – 1990 жылы туған,  кинорежиссер
  12. Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  13. Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері
  14. Жанботаев Досжан –1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  15. Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері
  16. Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
  17. Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог
  18. Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  19. Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист
  20. Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  21. Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
  22. Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
  23. Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  24. Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
  25. Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер
  26. Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  27. Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
  28. Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
  29. Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  30. Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері
  31. Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
  32. Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  33. Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  34. Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  35. Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет»  және «Парасат» ордендерінің иегері
  36. Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің   халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  37. Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
  38. Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі
  39. Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  40. Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  41. Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  42. Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші
  43. Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  44. Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  45. 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
  46. Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  47. Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, «Құрмет» орденінің иегері
  48. Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.