Қазақстанда шегірткеге қарсы 46 агродрон қолданылады

Шегірткеге қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродрон қолдану жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, үйірлі шегірткелер дала, шөл, таулы аймақтар мен өзен аңғарларында кең таралған. Мұндай аумақтарда жерүсті техниканы пайдалану қиын болғандықтан, дрондар зиянкестер ошақтарын жедел анықтауға және мониториң жүргізуді айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Кейінгі жылдары Фитосанитариялық қауіпсіздік және болжамдар әдістемелік орталығы техникалық паркін едәуір кеңейтті. 2024 жылдың соңында жеті дрон пайдаланылса, 2025 жылғы желтоқсанда қосымша 50 құрылғы сатып алынған. Осылайша, қазіргі таңда мониториң барысында 57 ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, маусымға дайындық деңгейі айтарлықтай артты. Бұл фитосанитариялық қауіптерге жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.