Балмұздақ
Балмұздақ жегеннен тамақ ауырады деп ойлайсыз ба? Ал балмұздақ арқылы баспа ауруын емдеуге болатынын естіп пе едіңіз? Балмұздақ артық салмақ қостырмайды. Керісінше, сүттің құрамында болатын кальций балмұздақта да кездеседі. Ол артық майлардан арылуға көмектеседі. Балмұздақтың құрамында минералдар мен дәрумендер де бар. Бұл тағам түрі әсіресе жас аналар мен болашақ аналарға аса пайдалы.
Шоколад
Тәтті жегеннен адамның терісіне зиян келеді, тісжегі пайда болады дегенді жиі естиміз. Бірақ, тәттілердің ішінде дәл шоколадтың зиянынан қарағанда пайдасы көбірек. Шоколадтың құрамындағы полифенол заты бет терісіне зиян келтірмейді, керісінше қан айналымын жақсартады. Тағы бір айта кетерлігі, шоколадтың адамға беретін сергектік қуаты 4-5 шыны кофенің әсерінен де мықты.
Қант
Қантсыз өмірді, қантсыз тағамды қалай елестетесіз? Ғалымдар қантсыз ұзақ өмір сүре алмайтынымызды дәлелдеген. Адам ағзасында қанттың көбеюінен қант диабеті болатынын білеміз. Ал қант жетіспеген жағдайда ұмытшақтық пайда болады. Қанттың көмегімен бауыр ауруларының алдын алуға болатынын да ұмытпаған жөн.
Майонез
Майонездің құрамында Е және Ғ дәрумендері бар. Бұл зат алмасу процесіне пайдалы. Қазіргі таңда дәрігерлер салатты маймен емес, майонезбен жасауды жөн көреді. Себебі, майдан қарағанда майонездің қорытылуы жеңіл. Алайда, майонезді күн сайын қолданбаған жөн.
Попкорн
Попкорнды тек қана киноға барғанда ғана емес, үй жағдайында да тұтынған абзал. Себебі, жүгерінің құрамындағы пайдалы заттар қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, попкорн антиоксидианттарға бай.