«Кешкісін мен бірінші рет Logic Pro музыканы өңдеуге арналған бағдарламаны ашып, компьютерге не үшін отырғанымды ұмытып қалдым. Талапты студенттен мен бір мезетте псевдо-музыкантқа айналдым. Лэптопта ойнап отырып жазған әуендерім көп-көрім шығып жатқан сияқты. Анам маған: «Бірдеңені қолға алып бастасаң, соңына дейін жеткіз» — дейтін, бәлкім, дәл қазіргі жағдайда мәнмәтін басқа болатын шығар, бірақ мен бұл хитімді аяқсыз қалдырмаймын деп шештім, тіпті желіге жүктемек ойым бар. Менің MIDI-пернетақтам мен микрофоным да жоқ, бірақ бұл да мені тоқтата алмады. Спортшымын ғой, не сұрайсыз…» — деп жазды спортшы парақшасына.
Қолданушылардың дерлігі «Дарынды адам – бар жағынан дарынды» деген сарында пікірлер қалдырып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тен суретке түсіру өнерінің де бар екенін көрсеткен. Instagram-да ол суреттерін жүктейтін арнайы парақша да ашқан болатын. Қазіргі таңда оған 5000-нан астам адам жазылған.
Біз өз кезегімізде Дениске сәттілік тілейміз. Бәлкім, болашақта Денистің әуеніне жазылған әндерді тыңдап қалармыз?