Ресейден әкелген 130 қаптама қызанақтан вирус шықты

Не болды?

Ресейден әкелген 130 қаптама қызанақтан вирус шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысына қарасты өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Ресейден әкелген қызанақтан вирус анықтаған. Фитосанитария бақылауы нәтижесінде 130 қаптама қызанақтан карантинді вирустар (Тomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) шықты. Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның заңнамасына сәйкес сотқа жолданды.

Министрлік елге азық-түлік әкелерде өсімдік карантині саласының заңнама талаптары мен фитосанитария нормаларын сақтау қажет екенін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2024 жылы шетелден әкелген 60 тонна қызанақтан вирус табылған еді.