Басты бет / Жаңалықтар /
Тоқаев, Ильхам Әлиев
Фото: Akorda.kz

Тоқаев әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok