Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қосшыда бір отбасы пештен шыққан ысқа уланып қалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ақмола облысы Қосшы қаласында бір отбасының төрт мүшесі ысқа уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, улану пештен шыққан көміртегі тотығынан болған. Уланғандардың үшеуі — балалар: 10, бес және бір жаста. Ауруханаға барар жолда анасы да өзін нашар сезініп, көміртегі тотығымен уланғаны белгілі болды.

Құтқарушылар отбасы мүшелерінің жағдайын бақылауға алғанын хабарлады және тұрғындарды пеш пен жылыту құралдарын дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін ескертті.

Мақалаға реакция