Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада жас жігіттің үйінен 500 түйіншек гашиш табылды

Фото: Glavk.info
Астанада полиция қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы жас жігітті қолға түсірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, тінту барысында күдіктінің үйінен тыйым салынған заттардың ірі көлемдегі қоры табылған. Полицейлер асүйдегі шкафтардың ішінен электрон таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдарды анықтаған.

Сонымен қатар балмұздақ шәрбатының бос бөтелкесінен өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат табылған. Сараптама нәтижесінде оның каннабис шайыры екені белгілі болды. Бұдан бөлек, сары түсті сұйықтық құйылған тағы екі ыдыс тәркіленген. Мамандар олардың құрамында гашиш майы болғанын анықтаған. Тінту кезінде түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик ыдыс та табылды. Оның ішіндегі өсімдік тектес заттың ерекше иісі болған. Жалпы саны шамамен 500 түйіншек гашиш тәркіленген, — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіретінін ескертеді, – делінген хабарламада.