Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда бұрын сотты болған ер адам 30-дан аса ұялы телефон ұрлаған

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ішкі істер министрлігі елімізде ұялы телефон және қалта ұрлығы азайғанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40% төмендеген. Осы уақыт аралығында полицейлер 900-ден астам қылмыстың бетін ашып, қолды болған телефондарды иелеріне қайтарған. Сонымен қатар 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылып, ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ ұсталған.

Полиция қызметкерлері ұрланған техниканы сататын орындарға да бақылауды күшейткен. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам қолға түсті. Күдіктіден ұрланған 30-дан астам телефон табылған.

Ішкі істер министрлігі ұрланған мүлікті сатып алу мен қайта сатудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады. Заң мен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады, – делінген хабарламада.

Exit mobile version