«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
26 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында, түнде Алматы, Атырау, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалаларында болуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

