Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Апамның шәйі», «Орда Кения»: бірқатар шай өнімдерін сатуға қайта рұқсат берілді

Фото: gov.kz
Қазақстанда бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулер алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, шектеулер Orda Trade Astana ЖШС-не тиесілі бірнеше шай өніміне қатысты алынған.

Шешім өнімнің өндірісі мен айналымының барлық кезеңінде сәйкестендіру мен қадағаланушылықтың қамтамасыз етілгенін растайтын материалдарды қарау нәтижелері бойынша, сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізінде қабылданды, – делінген комитет хабарламасында.

Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды.

Шектеуі алынған өнімдер тізіміне:

  • «Апамның шәйі Premium gold»;
  • «Орда Кения»;
  • «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» өнімдері енгізілген.

Комитет өкілдері өнімдердің санитариялық талаптарға сәйкестігі тексерілгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін жұртшылық пайдаланып жүрген кейбір шайларды әкелуге және сатуға тыйым салынған болатын.