Не болды?
Сәуірде Қазақстанның ресми автонарығы қайта жанданып, коммерция техникасын қоса есептегенде 20 857 автокөлік сатылды. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 8,4% көп. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Kolesa.kz мәліметіне қарағанда, сәуір айында Chevrolet маркасы автонарықта көш бастаған. Компания бір айда 5 500 көлік сатты, оның 5 319-ы — Chevrolet Cobalt. Бағасы шамамен 6,3 миллион теңге тұрады.

Екінші орынға Hyundai маркасы жайғасып, компания 2 656 автокөлік сатқан. Дегенмен бұл көрсеткіш былтырғы сәуір айымен салыстырғанда 39,3% төмен. Үштікті 1 912 көлік сатқан Kia моделі аяқтап тұр.
Үздік бестікке Changan мен Haval енді. Әсіресе, Changan-ның сатылымы айтарлықтай өсіп, бір жылда 172% артқан.
Дегенмен алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша, нарықтағы сатылған көліктер былтырғыдан сәл аз.
Танымал модель рейтиңінде Chevrolet Cobalt басым көрсеткішпен алға шықты. Бұл көліктің сатылымы ондықтағы басқа модельдің жалпы көрсеткішіне теңескен. Екінші орында Hyundai Tucson, ал үшінші орынға Hyundai Mufasa тұрақтады.

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша да, Chevrolet 12 130 көлік сатып, нарықтың көшбасшысы болды. Hyundai екінші орынға түссе, Kia үштіктегі орнын сақтап қалды.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді автокөлік нөмірін мұраға қалдыруға болады. Бұл ереже 25 мамырдан бастап қолданысқа енеді.
