Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Петропавлда мүгедектігі бар қыз терезеден құлап кетті

Фото: Depositphotos.com
Петропавлда мүгедектігі бар тоғыз жасар қыз тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконнан құлап кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала аутизм диагнозымен психиатрдың диспансерлік бақылауында болған.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 мамыр күні сағат 12:00 шамасында болған. Қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жедел түрде жеткізілген.

Құлау кезінде бала есін жоғалтпаған. Оқиға орнынан оны жедел жәрдем бригадасы анасының сүйемелдеуімен ауруханаға алып келді. Баланы шұғыл түрде травматология бөліміне жатқызып, динамикалық бақылау мен толық медициналық тексеру жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде деп бағаланады. Бақылау барысында жағдайы нашарлаған жоқ, — дейді мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың есі анық, түнді тыныш өткізген. Қазіргі уақытта оған консервативті ем жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар пациентке арнайы емдік-қорғаныш ортопедиялық режим тағайындалған.

Exit mobile version