Не болды?
Енді көліктің мемлекеттік нөмірін мұраға қалдыруға болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Кolesa.kz мәліметіне қарағанда, ішкі істер министрлігі автокөлікті тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізді. Жаңа ереже 2026 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енеді. Содан соң көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін қайта тағайындауға болады.
Енді Қазақстан азаматы көліктің мемлекеттік нөмірін:
- ата-анасына немесе асырап алушыға, асырап алынған азаматқа;
- туған немесе туған емес (бір әкеден немесе бір анадан) ағайынды бауырына;
- атасына, әжесіне, немерелеріне;
- некедегі жұбайына немесе мұрагеріне бере алады.
Контекст
Естеріңізге салайық, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі лас болса, 21 625 теңге айыппұл салынуы мүмкін.

