Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында Токио мен Нию-Йорк қалаларына тікелей әуе рейстерінің қашан ашылатынын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Министрдің баяндамасынан кейін үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселенің көптен бері көтеріліп келе жатқанын еске салды.
Біз Нию-Йорк, Токио және басқа да бағыттар бойынша жаңа рейстер ашамыз деп көптен бері айтып жүрміз. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?, — деді үкімет басшысы.
Көлік министрінің айтуынша, Токиоға тікелей әуе рейсі биылғы жылдың төртінші тоқсанында ашылады.
Ал АҚШ-қа рейсті келесі жылдың екінші тоқсанында ашамыз, — деді министр.
Бұған жауап ретінде премьер-министр:
Тағы құр сөз болып қалмасын, — деп қысқа қайырды.

