Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ғалымдар хантавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатыр

Фото: REUTERS
Ұлыбританияда ғалымдар хантавирусқа қарсы вакцина жасау жұмыстарын жеделдетті. Бұл шешім MV Hondius круиздік кемесінде тіркелген инфекция өршуінен кейін қабылданған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Euronews мәліметінше, қазіргі уақытта хантавирусқа қарсы арнайы ем немесе ресми вакцина жоқ.

Оқиғаға дейін Бат университетінің зерттеу тобы Хантаан вирусына қарсы эксперименттік мРНҚ-вакцина әзірлеп жатқан. Ғалымдардың мәліметінше, жаңа технология жануарларға жүргізілген клиникаға дейінгі сынақтарда үміт күттіретін нәтижелер көрсеткен.

Жоба Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы ел билігі термостабильді мРНҚ-вакцина әзірлеуге арналған келісімшартқа қол қойған. Жобаның негізгі бағыттарының бірі — вакцинаны терең мұздатусыз сақтауға мүмкіндік беретін «энсиликация» технологиясын дамыту. Ғалымдар вакцинаны сақтау температурасын -70°C-тан кәдімгі тоңазытқыш деңгейіне дейін төмендете алғанын, ал болашақта оны бөлме температурасында сақтауды көздеп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайдың пандемияға жатпайтынын және вирус таралу қаупі төмен екенін мәлімдеді. Мамандар хантавирус COVID-19 секілді ауа арқылы тез таралатын инфекция емес екенін атап өтті.