Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді, — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
