Алматыдағы жекеменшік клиникада дәрігерлер жүкті екенін білмеген әйелді босандырып алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Науқастың айтуынша, ол асқазан-ішек жолдарын тексертіп, кейінгі уақытта салмақ өзгерісіне алаңдаған. Алайда дәрігерлер жүргізген ультрадыбыстық тексеру нәтижесі күтпеген жайтты анықтады — келіншектің жеті айлық жүкті екені белгілі болды.
Клиника мәліметінше, тексеру барысында әйелде кенеттен толғақ басталып кеткен. Осы сәтте мекеменің гинеколог дәрігерлері шұғыл түрде көмек көрсетіп, босандыру шараларын жүргізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нәтижесінде дені сау қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы қазір қанағаттанарлық.
Бұл жас отбасының алғашқы баласы. Жолдасы да ана мен сәбидің амандығына қуанышты, — делінген хабарламада.
