Астанадан Франкфуртқа бағыт алған әуе рейсі техникалық себеппен Ақтөбеге шұғыл қонды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, KC921 рейсі Астанадан сағат 08:54-те ұшып шыққан. Алайда техникалық себепке байланысты ұшақ 11:34-те Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болған.
Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті, – делінген хабарламада.
Жолаушыларды әрі қарай жеткізу үшін әуе компаниясы Алматыдан резервтік ұшақ жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар Франкфуртқа бүгін сағат 14:20-да ұшып кетеді деп жоспарланып отыр.
