Не болды?
7 мамырда Астанадағы көпқабатты үйде өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, бүгін Астанада Ш. Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконда өрт шықты. Жалын жетінші қабаттың балконы мен ішінара сегізінші қабаттың балконына таралған.
ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
