Жастарға арналған 5%-дық ипотека бағдарламасы ашылуы мүмкін

“Президенттің тапсырмасымен 2017 жыл Алматыда жастар жылы болып бекітілді. Біз “Жастарды қолдаудың жол картасы-2020″ бағдарламасын дайындадық”, – деді әкім.

Бауыржан Байбектің айтуынша, қазір жас отбасыларға арналған жатақхана салуға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бизнес субъектілерін қаржыландыру тетіктері арқылы 320 жас отбасын жатақханамен қамту жоспарланған.

Жол картасының жалпы шығыны 7,2 млрд теңге.

ДереккөзNaryk.kz