Не болды?
Ақмола облысының 232 тұрғыны 554 миллион теңгесінен айырылып қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, «Қазахтелеком» АҚ мен полиция департаментінің «Cyberpol» қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, интернет алаяқтардың жолын кесті. Кейінгі төрт айда Ақмола облысының 232 тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналып, 554 миллион теңге ақшасынан айырылған.
Мысалы, 77 жастағы зейнеткер мен оның 53 жастағы ұлы алаяққа алдана жаздады. Алаяқ өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, SMS арқылы келген растау кодтарын білуге тырысқан, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, елордада өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ер адам сотталды.
