Ресейдің Бурятия Республикасындағы «Ирокинда» кенішінде болған қар көшкінінен Қазақстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұл ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады.
Министрліктің мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қар көшкіні кезінде 1990 жылғы туған Қазақстан азаматы қаза болған. Алдын ала деректер бойынша, қар көшкіні астында барлығы алты адам қалған.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен байланыс орнатқан. Ведомство бұл жағдай министрліктің ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.
